Германиядағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда бірнеше балаға қателесіп COVID-19-ға қарсы Moderna вакцинасы салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жергілікті билік бұл оқиғаны мәлім етіп, балалардың ата-анасына хабарлаған. Оқиға туралы полицияға да хабарланған.
Сондай-ақ, вакцинация орталығы қызметкерлерінің қателігінен кейін балаларды вакциналау процесін билік өкілдері мұқият тексеретінін айтты. Округ шенеуніктері еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA), ЕО-дағы дәрі-дәрмектерді реттеуші, балаларға арналған Moderna вакцинацияларын мақұлдау туралы өтініш бергенін айтып, жанама әсерлер туралы алаңдаушылықты жоюға тырысты.
Айта кетейік, Германия осы айдан бастап 5 жастан асқан балаларды егуді бастады, EMA 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған BioNTech-Pfizer вакцинасын мақұлдады. Moderna вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ғана мақұлданған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.