$ 494.87  520.65  4.91

Ауылға жарылғыш зат қойылған: Жалған ақпарат таратты деген күдікпен Ақтөбе тұрғыны ұсталды

Қарғалы ауданының Жосалы ауылына бомба қойылған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтөбеде Жосалы ауылында жарылғыш зат бар деп хабарлама берген күдікті ұсталды. Ол Қарғалы ауданында тұратын студент болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 желтоқсан күні сағат 01:30 шамасында Ақтөбе облысы ПД Қарғалы аудандық ПБ кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалды. 

Оның айтуынша, Қарғалы ауданының Жосалы ауылына бомба қойылған. 

Оқиға орнына полиция жасақтары, авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қарғалы ауданының жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. 

"Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы күдікті ретінде 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол колледж студенті болып шықты. Жас жігіт әзілдеп айтқанын мойындады. Қылмыстық кодекстің "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе 5000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. 

Тіпті түзету жұмыстарына тартылып, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары