$ 448.89  477.93  4.76

«Өз тамырымнан ажырамай, өзге ұлттардың өмір салтымен таныса алатыным үшін шын қуанамын» - Анастасия Тимощенко-Боровикова

Қазақстан Халқы Ассамблеясы - мен үшін қоғамдық жұмыс қана емес, бұл менің өмір салтым, стилім.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының үнемі назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл бөлетін бір бағыты – ел жастары. Себебі олар еліміздің ертеңі. Ертеңіне бей-жай қарамайтын мемлекеттің болашағы жарқын. Ал жүзден астам этнос өкілдері мекен ететін біздің елімізде сол этностардың жастарын тату-тәтті тәрбиелеу аса маңызды. Бұл мемлекетіміздің болашағы үшін қажет шара. Осы орайда ҚХА бастаған ауқымды жобаның бірі - «Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысы, деп жазады Skifnews порталы. 

Осы орайда біз ҚХА «Ассамблея жастары» РЖҚ Нұр-Сұлтандағы филиалының басшысы әрі «Оберег» украин қоғамы» ҚБ жастар қанатының жетекшісі Анастасия Тимощенко-Боровиковамен сұхбат құрған едік. 

- Анастасия Юрьевна, сұхбатымызды «Ассамблея жастары» қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған стратегиясынан бастасақ. Стратегияны жүзеге асыру нәтижесі қалай болды? 

-  Қазақстан Халқы Ассамблеясы үшін жастармен жұмыс істеу маңызды. Себебі Қазақстанның болашағы жаңа буынның қолында. Жастар қозғалысы патриотизмді, елдегі бейбішілік пен келісімді қолдауға бағытталған жүздеген жобаларды жүзеге асырды. Республикалық жастар қозғалысындағы ауқымды шараларының бірі – Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы болды. Қазақтану – қазақтың бай мәдениетіне, тарихы мен дәстүріне терең бойлауға, көшпелі жұрттың ғасырлар бойғы философиясын түсінуге мүмкіндік беретін жоба. «Ассамблея жастары» - ел жастарын Рухани жаңғыру жолымен тоғыстыратын  жол. Жастар үшін өз ата-бабасының тарихын, салт-дәстүрін оқу, түсіну және оны сақтап, өз балаларына жеткізу маңызды. Сонымен қатар Ассамблеяның елордадағы жастары өздерінің қызықты жобаларын жүзеге асыруда. Ол жобалардың бәрі өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған. 

- «Ассамблея жастарының» аясында түрлі этнос жастарын бір алаңға жұмылдыра алдыңыздар ма?

- «Ассамблея жастары» РЖҚ аймақтық және республикалық деңгейде түрлі этнос жастарын тығыз байланыстыратын алаңға айналды. ҚХА жастар қозғалысы – әлеуметтік бастамаларды, оның ішінде білім беру процестеріне, дискуссия алаңдарын құруға, жалпы спорт, экономика, саясат сынды барлық сектордағы жастарға бағытталған бастамаларды жүзеге асыратын сенімді азаматтық серіктес.  

- «Ассамблея жастары» РЖҚ астанадағы филиалында қазіргі уақытта қанша адам бар? Олар қандай жобаларға жұмылдырылған?

- «Ассамблея жастары» РЖҚ Елордадағы филиалында 500 астам жас бар. Біздің негізгі жұмыс бағытымыз – ерікті волонтерлік, ауыл жастары мен қала жастарының арасындағы айырмашылықты азайту, ойын-сауық ұйымдастыру, әлеуметтік баспалдақтарды дамыту. Одан бөлек патриоттық тәрбие, жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тарту, сондай-ақ тұлғалық жағынан өсуге жағдай жасау, жастардың әлеуметтік белсенділігін қолдау да біздің бір міндетіміз. 

- «Ассамблея жастары» РЖҚ аясында 2021 жылы қандай іс-шаралар жүзеге асырылды? Келесі жылға қандай жоспарларыңыз бар?

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – жастар үшін маңызды дата. Себебі Ассамблеяның көп мүшесі Тәуелсіздіктің құрдастары. Мерейлі жылда бірнеше жоба жүзеге асырылды. 

«Ассамблея. Тұлға. Тағдыр» жобасы көрнекті жобалардың бірі. Бұл – эномәдени бірлестіктердің  негізін қалап, олардың дамуына үлес қосқан, жасарға үлгі болатын тұлғалар туралы видеожоба. 

«Жастар жолы» жастар лагері – көшпелі интерактивті алаң. Мұнда жастар кәсіби спикерлердің көмегімен өз дағдыларын шыңдай алады, Отанымыздың қасиетті жерлерімен танысады. 

Бізде жыл сайын «Мен – қазақстандықпын» атты жастар форумы өтеді. Бұл форум біздің жастар арасында Ассамблея идеясының қозғаушы күші болып отырған көшбасшыларымыз үшін өз жобаларын таныстыратын алаңға айналды.  Сондай-ақ жыл сайын қоғамдық келісім, қайырымдылық акциялары, шығармашылық фестивальдер, халықаралық этникалық сән марафоны тақырыптарын қаузап жүрген жас журналистер арасында мемлекеттік тілді білу сайыстары өтеді. 

Келесі жылы біз «ҚХА Академиясы» білім беру жобасын іске қоспақпыз. Бұл – ҚХА жастары өз дағдыларымен бөлісетін, мемлекеттік тілді Қазақсандағы ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытатын онлайн жоба. 

- «Оберег» украин қоғамы» ҚБ-ның биыл атқарған жұмыстары мен келесі жылға жоспарлары жайлы айтып берсеңіз?

- Этномәдени бірлестік қызметінің негізгі бағытарының ішінде жастармен жұмыс ерекше орын алады. Жастар қазіргі қоғамның қоғамдық және саяси құрылымында үлкен рөл атқарады. Бұны жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне, мәдени, интеллектуалдық және азаматтық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында бірлесуінен көруге болады. Жастар қанаты тілді, мәдениетті дамытуға қолдау көрсетеді, салт-дәстүрді сақтауға, сондай-ақ этномәдени құндылықтарды қазіргі заманға сіңіруге тырысады. 

- 11 жасыңызда Ассамблея қатарына қалай қосылдыңыз? Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы, этнос аралық қарым-қатынас саласындағы жұмыс сізге не берді?

-    Мен Қазақсан Халқы Ассамблеясына 11 жасымда келдім. Бұл мен үшін қоғамдық жұмыс қана емес, бұл менің өмір салтым, стилім. Мен өзімді Ассамблеясыз елестете алмаймын. Әр күнімді толеранттылықты насихаттау, елімізді дамыту жолында өткіземін. Әрқайсымыз Қазақстан азаматы ретінде өз этносымыздың салт-дәстүрін, әнін, биін, тұрмысын сақтап, өзгелерге мақтанышпен көрсете аламыз. Бұл жерде біздің Елбасының еңбегі зор. Украин ұлттық киімін мен аптасына бірнеше рет түрлі шараларға киемін. Және өз тамырымнан ажырамай, өзге этностардың өмірін де зерттей алатыныма шын қуанамын. Ассамблея және біздің бірлестік өткізетін іс-шаралардың арқасында мен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлымен бірнеше мәрте жүздесу мәртебесіне ие болдым. Бұл ұмытылмайтын эмоциялар. Ол кісідей тұлғаның керемет энергетикасын сезінесіз. Қазақстан Халқы Ассамблеясы менің көшбасшылық қасиеттерімді аша түсті, жауапкершілігімді арттырды. Өз елім үшін мақтанышым еселенді. 

-  Сұхбатыңызға рахмет!

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары