Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде кесарь тілігімен босану кезінде құрсақтағы сәбидің басы тілініп кеткені жайлы жазба жарияланды. Шиелі аудандық аурухана мамандары бұл деректі растап отыр.
Аурухана басшылығының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде шара қолданған. Олар қазір ана мен баланың денсаулығына қауіп жоқ екенін айтады.
– Әйелге бір жыл бұрын ғана кесарь тілігі бойынша операция жасалған. Сондықтан жатырдың қабырғалары жұқарған. Жатырды скальпельмен кескенде терінің беткі қабатына баланың маңдайы тиіп кеткен. Жараланған жерді хирург пен неонатолог дер кезінде емдеген, – деді Қызылорда облысы Шиелі аудандық аурухана мамандары.