Ұлыбритания, Қытай және Канада ғалымдары Ганчжоу ауданында жүргізілген қазба жұмыстары барысында өте сирек кездесетін динозавр жұмыртқасын тапты, деп жазды turkystan.kz.
«Динозавр эмбриондары – ең сирек қазбалардың бірі және олардың көпшілігі бүтін болмайды. Біз «Инлян баласының» табылғанына өте қуаныштымыз. Ол тамаша күйде сақталған және көптеген ғылыми сұрақтарға жауап табуға көмектеседі», – дейді Бирмингем университетінің ғылыми қызметкері Фион Вайссум Ма.
Овирапторозавр жұмыртқасының жасы 66-72 миллион жыл. Зерттеулерге сәйкес, «Инлян баласының» ұзындығы шамамен 27 сантиметрді құрайды.
«Динозавр эмбрионы мен тауық эмбрионы жұмыртқаның ішінде бірдей орналасқанын көру қызық. Бұлар жұмыртқадан шыққанға дейін ұқсас мінез-құлықты көрсетуі мүмкін», – дейді зерттеуші.
Эдинбург университетінің зерттеу тобының мүшесі, профессор Стив Брусатте динозвардың жұмыртқасын зерттей отырып, балапанға ұқсайды деген пікірін айтады. Демек, қазіргі құстарға тән белгілердің көпшілігі динозаврларда болғанының тағы бір дәлелі болуы мүмкін.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.