Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 23-25 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Метеорологтардың мәлімдеуінше, солтүстік-батыс циклон Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын мен ауа температурасын жоғарылатады.
"Ауа температурасының төмендеуі, негізінен, еліміздің батысы мен солтүстігінде сезіледі. Мұнда түнде 20-28 градусқа дейін аяз болады. Республиканың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер етеді. Жауын-шашынды болғанымен күн жылы болады", - деді синоптиктер.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.