$ 498.34  519.72  4.85

«Халықтың көз жасының ақшасы»: 55 миллиондық беташар туралы тың дерек шықты

Көршісінің мәліметінше, ауылда бір жыл бұрын осы үшін айқай-шу болған көрінеді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Беташар табағына 55 миллион теңге жиналған тойға қатысты тың ақпарат шықты. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл Түлкібас ауданындағы Кемербастау ауылының 27 жастағы тұрғынының беташары екен.

Тележурналистке Бақнұр есімді тұрғын хат жазған.

«Түлкібасқа келін түсті, беташарға 55 миллион теңге лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр деп көршісі жазыпты».

Көршісінің мәліметінше, ауылда бір жыл бұрын осы үшін айқай-шу болған көрінеді.

«55 млн беташардан ақша түсті дейтіндей ол кюнетте істейді. Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісін (кітапханашы айлығы 40-50 мың) 1 млнға  кредитке кіргізіп жіберген, қазір араласпайды осы үшін. Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Ауыл тұрғындарын осы кюнетке кіргізген. Бұндайларға шара қолдану керек. Ауылдың чатында осы үшін айқай шу болған бір жыл бұрын. Ауылдың кез-келгенімен сөйлессеңіз Серікті жұлып жеуге дайын», – делінген жазбада.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары