$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған оқушының денесі кәрізден табылды

8-сынып оқушысы 18 желтоқсанда жоғалып кеткен.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ер адам баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмағанын айтты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары