$ 448.89  477.93  4.76

Семейде полиция қызметкеріне әріптесін зорлады деген айып тағылды

30 қарашада айыпталушы қызметкер ішкі істер органдары қызметінен шығарылған.

Прокуратураға Семей қалалық ІІБ Ақпарат және коммуникация бөлімінің қызметкері зорланғанын мәлімдеді. 24 жастағы әйел патрульдік полиция батальонының инспекторы, аға лейтенантты айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, оқиға 25 қарашада сағат 23.00-де полицей көлігінде болған. Сондай-ақ, ол сол күні арыз жазбақ болғанын, бірақ басқарма мен Полиция департаменті басшылығы оны бұл райынан қайтарғанын айтты.

Соған қарамастан, әйел төрт күн өткен соң арыз жазған. Енді бұл дерек тергеліп жатыр.

"Оқиға бір айдан аса уақыт бұрын болған, полиция қызметкері жәбірленушімен таныс. Сонымен қатар, бұл уәждер соталды тергеу аясында қайта тексеріліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ШҚО Полиция департаменті өкілдері.

30 қарашада айыпталушы қызметкер ішкі істер органдары қызметінен шығарылған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары