22 желтоқсанда Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасарын екі айға қамауға алуға санкция берді. Шенеунік қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Енді сотқа дейін ол уақытша ұстау изоляторында болады.
Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берген болатын. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Аса ірі мөлшерде пара алу») 2-бөлігі бойынша тергелуде.
Б.Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.