$ 494.87  520.65  4.91

Көктайғақ, жел, боран – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР басым бөлігінде бұрынғысынша солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетін болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп, түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары