23.12.2021, 10:20

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарды

Фото: Tengrinews.kz
Осылайша Түркия коронавирусқа қарсы вакцина шығарған тоғызыншы ел болып отыр.

Түркия шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджу елде шығарылған вакцина халыққа келесі аптадан бастап салынатынын хабарлады. Ол Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған тоғызыншы ел болғанын айтты.  

Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған бұл вакцинаны барлық елмен бөлісетінін мәлімдеді.

Turkovac вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау басқармасымен (TÜSEB) бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын.

Бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сәтті сынақтан өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.