Жаңалықтар 23.12.2021 сағат 10:40

Бақытжан Сағынтаев жұмысшы жастар өкілдеріне пәтер кілттерін тапсырды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Жаңа жыл қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үйдің иелерінің жаңа қоныстанушыларын құттықтады.
Бақытжан Сағынтаев жұмысшы жастар өкілдеріне пәтер кілттерін тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге 1050 жалдамалы пәтер беріледі. Тағы 441 пәтер «Бақытты Отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасында жеңілдікпен кредит беру шартымен бөлінген. Пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК және Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК-де «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлерде орналасқан.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс істейтін жастарды қолдау 2019 жылдан бастап «Нұрлы Жер» жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Қаланың дамуына өз үлесін қосатын жастарды қолдау – біздің басты міндетіміз. Мемлекеттік және қалалық бағдарламалардың арқасында мыңдаған қала тұрғындары қолжетімді баспанаға ие болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев жаңа қоныс иелерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Сонымен қатар, «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша екінші жыл қатарынан тұрғын үй сатып алу үшін мыңдаған жеңілдікті қарыздар бөлінуде. Пайыздық мөлшерлеме – 5%, несие мерзімі – 25 жыл. Биыл қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін өсті.

Еске салсақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 211 пәтер бөлінді. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан.

Жалпы, алдын ала есептеулер бойынша, өткен жылы Алматының 5 400 тұрғыны баспаналы болады. Жыл басынан бері 3 903 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы бойынша (2-10-20) 441 несиелік қарыз, «Шаңырақ» республикалық бағдарламасы бойынша (5-10-20) 2 146 несиелік қарыз берілді. «Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша бүгінде 973 несие берілді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан 343 пәтер бөлінді.


 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар