Белгілі тележүргізуші Мақсат Толықбай қуаңшылық кезінде халыққа көмегін тигізген Құрмет Талапқазыға үй алып беру бастамасын көтерді. Бұл туралы БАҚ өкілі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. -
"Мақсат, сен баста, біз қостаймыз" деп талай адам жазып еді. Тәуекел, игі іске жұмылайық енді, біздің қолымыздан келеді. Ала жаздай Маңғыстаудағы қуаңшылықта жұрттың мал-жанын ойлап, тонналап шөп жіберуге себепкер болған Құрмет бауырымыз қандай құрметке де лайық. Сол уақытта елді жақсылық жасауға шақырған Құрметке біз де жақсылық жасап, құрмет көрсетіп жіберейік, ағайын. Шымкентке оқуға түсті. Бірақ, пәтер жалдап тұрады. Әке-шешесі, туған аға-бауырларының бәрі Қытайда. Қаланың шетінен жер үй алып, кәсіп бастап, жақындарын Қазақстанға көшіріп әкелгісі келеді. Үш күннің ішінде асарлатып жіберсек, бұйырса, жаңа жылда жаңа баспанаға кіреді. Бізге жеңіл болсын деп, білгілі меценат Дулат Тастекейге қолқа салдым. Жиналған ақшаның үстіне 50 пайызын қосамын деп уәде берді. Бізде уақыт аз. Құрмет Талапқазы өздігінен көмек сұрамайтыны белгілі. Бұйырса, 31-желтоқсан күні Құрмет өз баспанасында жаңа жылды қарсы алады деп сенемін. Атсалысайық, бөлісіңіздер", - деп ағынан жарылды Мақсат Толықбай.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар