$ 443.85  474.3  4.8

«Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел» — Путин

«Онда орыс мектептері көбейіп келеді. Ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары да көптеп ашылған, – деді Владимир Путин.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Дәл қазір Ресей президентінің жыл сайынғы баспасөз мәслихаты өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz

Баспасөз жиынына қатысқан Qazaqstan телеарнасының тілшісі Индира Бекайдар Владимир Путиннен Қазақстанға мемлекеттік сапармен қашан келетінін және екі ел арасындағы байланыстар жайлы сұрады.

Президент Қазақстанның Ресей үшін ең жақын одақтас екенін, екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде жалғасып келе жатқанын айтты.  Әсіресе, экономикалық байланыстың орныққанын жеткізді.

– Бұдан бөлек гуманитарлық байланыстарымыз да нығайып келеді. Қазақстан басшылығының орыс тіліне көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс айтамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілінде сөйлейтіні жайлы өзіңіз де білесіз ғой. Қазақстан тура мағынасында айтқанда орыс тілінде сөйлейтін ел. Онда орыс мектептері көбейіп келеді. Ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары да көптеп ашылған, – деді Владимир Путин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары