CTS көлік компаниясы жол қозғалысы қатысушылары қоғамдық көліктік жолын кескен кезде автобус салонында не болатыны туралы видео көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Көбінесе жол қозғалысының басқа қатысушылары қоғамдық көлікке жол бермей, дөрекі түрде кесіп тастайды, мұның қандай ауыр зардаптарға әкелетінін түсінбейді. Мұндай жағдайда автобус жүргізушісі аса ауыр зардаптардың алдын алу үшін шұғыл тежегішке басуға мәжбүр болады. Соның салдарынан жолаушылардың автобус салонында құлап, нәтижесінде түрлі ауыр жарақаттар алуына әкеп соғады.
2021 жылдың басынан бері басқа жол қозғалысына қатысушылардың кінәсінен қоғамдық көліктердің қатысуымен 394 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 30 жолаушы зардап шекті, деп хабарлады компания.
CTS сонымен қатар көлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда қоғамдық көліктерге рұқсат беруге шақырды. Өйткені, бір автобуста 70-80 адам жүрсе, жеңіл көлікте бірнеше адам жүретіні белгілі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар