24.12.2021, 09:20

15 мыңнан астам жүкті әйелге «Pfizer» вакцинасының І компоненті салынды

Фото: inform.kz
Олардан бөлек вакцина алғандар қатарында бала емізетін әйелдер мен жасөспірімдер бар.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 23 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының І компонентін алған: 

Жасөспірімдер – 210 952, 

Жүкті әйелдер – 15 375, 

Бала емізетін әйелдер – 37 653. 

ІІ-ші компанентін алғандар:  

Жасөспірімдер – 66 775, 

Жүкті әйелдер – 4 708, 

Бала емізетін әйелдер – 11 896.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.