$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 28 миллион теңге жымқырған шенеунік пен кәсіпкер сотталды

Олар «Бас Қарасу» өзені арнасын қалпына келтіруге бөлінген 71 миллион теңгенің 28 миллионын ұрлаған.

Алматыда 28 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін Түрксіб ауданының абаттандыру бөлімі "Аstana-Құрылыс ХХI" серіктестігімен 71 миллион теңгеден аса сомаға келісім жасасқан. Бұл қаржыға мердігер "Бас Қарасу" өзені арнасын қалпына келтіруі керек болған.

"Алайда 2019 жылдың тамызынан қыркүйегіне дейін жобаға бөлінген соманың 28 миллион теңгесі ұрланған. Мұны мердігер компания басшысы аудан әкімдігі шенеунігі көмегімен жасаған. Қылмыс атқарылған жұмыс актілеріне көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жасалған", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу барысында Түрксіб аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы Воропаев пен "Аstana-Құрылыс ХХI" серіктестігі басшысы Исаев іске қатысты негізгі айыпталушы болған. Олар сот алдында жауап берді. Воропаев 7 және Исаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Мемлекет жыл сайын аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына: мектептер мен ауруханалар салуға, жолдар мен әлеуметтік мекемелерді жөндеуге миллиондаған қаржы бөледі. Сонымен қатар, кейбір жосықсыз кәсіпкерлер бұл бюджет қаражатын өз пайдасы үшін жымқырып қалады", - деді агенттік өкілі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары