$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде тұтқындалған қазақ журналисі босатылды

Бұл жаңалықты заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, халықтан сүйінші сұрады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ресейде тұтқындалған журналист Назгүл Кенжетай босатылды. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл жаңалықты заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, халықтан сүйінші сұрады.

Жаңа жыл алдындағы сүйінші хабар! Қазір ғана хакастық әріптесім Аяс Тюньдешев бауырымнан хабар алдым. Бүгін, жоқ, осы қазір, апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай қарындасымыз бен түркиялық бауырымыз Мухаммет Эминді босату туралы шешім қабылдады! Осы жолы ҚР Сыртқы істер министрлігіне респект. Досай аға, жеңіс құтты болсын!»,-деді  Абзал Құспан. 

Еске сала кетейін, Назгүл Кенжетай Хакасия республикасында Ресейдегі түркі қауымдарының өмірі туралы деректі фильм түсіріп жүрген кезінде тұтқындалған еді. Оны әріптесімен бірге РФ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімі ұстап әкеткен еді. Назгүл мен әріптесіне Ресейге кіру тәртібін бұзды деген айып тағылып, екеуі Абақандағы уақытша ұстау орнына қамалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары