Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6 пайыз), Жамбыл облысында (-0,3 пайыз), Шымкент қаласында (-0,2 пайыз) тіркелді.
Тауарлар бойынша республика бойынша сәбіз (-2,2 пайыз), картоп (-0,5 пайыз), пияз және рожки (-0,4 пайыз), сиыр еті (-0,3 пайыз), күріш (-0,2 пайыз), сүт және қарақұмық (-0,1 пайыз) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты.
Форвардтық сатып алу қорытындысы бойынша 2021 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 572 мың тонна астық, оның ішінде 539 мың тонна бидай сатып алды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі нарыққа 475 мың тонна бидай жіберу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілерінің атына 114 хабарлама жіберді, 16 тергеу жүргізді, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама, өндірушілердің бағаны көтеру мүмкіндігі туралы жария мәлімдемесі үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы 11 ескерту жасады, өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 199 актісін жасасты. Сауда үстемесін көтерудің 75 дерегі анықталды.
Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Үкімет басшысы өңірлік тұрақтандыру қорларындағы қорларды толықтыру және «айналым схемасын» қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Бағаны төмендету қарқынын арттыру және мереке алдындағы кезеңде барлық қолданыстағы құралдарды қолдана отырып, барынша бақылауды қамтамасыз ету қажет. Тауар интервенциясын уақытылы жүргізу және келісімшарт жасалған көлемдердің жеткізілуін қамтамасыз ету қажет. Мереке күндері тауарлардың жасанды тапшылығына жол беруге болмайды», – деді Асқар Мамин.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.