$ 498.34  519.72  4.85

Батыс Қазақстанда боран салдарынан 40-қа жуық елді-мекен жарықсыз қалды

Сонымен қатар облыс орталығының кейбір шағын аудандарында ауыз су тоқтап қалды.

Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан электр желілері істен шығып, 40-қа жуық елдімекен жарықсыз қалды. Ал Орал қаласының кейбір ықшам ауданында су жоқ, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Өңірде ауа температурасы -5 градус. Ал желдің жылдамдығы сағатына 12 метр. Қолайсыз күн райы коммуналдық желілерге зақым келтіріп жатыр. Қазірдің өзінде Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала аудандары және Орал қаласының тең жартысы жарықсыз отыр.

«Апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр желілеріне жауапты компания тарапынан 32 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды», -  деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар облыс орталығының кейбір шағын аудандарында ауыз су тоқтап қалды.

«Қолайсыз ауа райы салдарынан жерасты сутартқысының сорғы станцияларындағы кернеудің төмендеуіне байланысты сорғылар бұзылды. Қалалық су құбыры желілеріндегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде» делінген шаһарды сумен қамту кәсіпорнының хабарламасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары