$ 498.34  519.72  4.85

Қар, көктайғақ, тұман: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 27 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеі деп күтіледі.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

Күндіз 27 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетауда 27 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда түнде жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының орталығында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 облыстың батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары