Жаңалықтар 27.12.2021 сағат 11:20

Павлодарда цирк иелері жануарларды стандартқа сай келмейтін жерде ұстағаны үшін жауапкершілікке тартылады

Қала билігі желіде тараған қала аудандарының біріндегі цирк жануарларының нашар жағдайын көргеннен кейін тексеруді бастаған.
Павлодарда цирк иелері жануарларды стандартқа сай келмейтін жерде ұстағаны үшін жауапкершілікке тартылады
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы цирк жануарларының иелерін арыстан мен аюды талапқа сай келмейтін жағдайда торда ұстағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтты.Олардың көктемге дейін осы қалада қыстайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz .

Павлодар билігі желіде тараған қала аудандарының біріндегі цирк жануарларының нашар жағдайын көргеннен кейін тексеруді бастаған.

“2021 жылғы 26 желтоқсанда мүдделі ұйымдар құрамында жануарлардың экзотикалық түрлері орналасқан жерге Павлодар қаласының Лесозавод шағын ауданына барды. Орман зауытының жеке секторында көліктерде цирк жануарлары бар екендігі анықталған. 7 жастағы Арыстан Ляля,  4 жастағы қоңыр Соня аюы, 5 жастағы макака Жора маймылы мен 4 жастағы Император жолбарысы Глаша , сонымен қатар бірнеше попугая мен үйретілген иттер болған. Барлық жануарлар Ресей Федерациясынан әкелінген және Ресей Федерациясының азаматтарына тиесілі.  Олар цирк қойылымдарында қолданылады", - делінген облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының хабарламасында.

Қазір иелері көктемге дейін жануарлармен уақытша Павлодар қаласында қалады.

“Ұстау шарттары мен жануарларды иеленуге құқығы туралы құжаттар тексерілді. Барлығында ветеринарлық паспорт бар. Алайда, ветеринарлық қызмет бойынша құқық бұзушылықтары анықталды. Иелері ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады”-, делінген хабарламада.

Одан бөлек арыстан мен аюды талап етілетін стандартқа сәйкес келмейтін торда ұстап отырғаны анықталды. Талап бойынша олар көлемі 30 шаршы, биіктігі 3 мертр ұяшықта болуы керек. Осыған орай тексерушілер жануарлардың иелеріне оларды қажетті жағдай жасалған цирктер мен хайуанаттар бағында ұстай тұруға кеңес берді. 

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар