$ 444.22  476.38  4.82

Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды

Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейде жыл музыканты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«MTV Россия» телеарнасы биылғы жылды қорытындылап, үздік музыканттардың тізімін жасақтады. Оның ішінде отандық жас диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) те бар. 

MTV Россия таңдауына сай 2021 жылдың басты музыканттары: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай. 

Айта кетсек, теміржолда жұмыс істеген жас диджейдің танымалдығы 2019 жылдан бастау алады. Диджей Roses әніне (SAINt JHN) әніне ремикс жазып, ол көпшіліктің көңілінен шықты. 

Сол шығармамен Grammy сыйлығын ұтып алды. 

Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші #Иманбек