Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 24 желтоқсанда Наурызым ауданы Қарамайшы кентінде болған. Жыртқыш жеке үйдің ауласына келіп, 40 жастағы ер адамға шабуыл жасаған. Ауыл тұрғындарының бірі оқыс жағдайдың алдын алып үлгерген. Ол айқайлаған дауысты естіп, үйден жүгіріп шығып, балтамен қасқырды өлтірген.
Қазір Қарамайшы тұрғыны аудандық ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Ал қасқырдың мәйіті облыстық орталыққа сараптамаға жіберілгені белгілі болды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.