Таразда селфи жасау үшін пойыз төбесіне шыққан жасөспірім мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz
Әлеуметтік желіде тоққа түсіп көз жұмған жасөспірім туралы видео тарады. Видеода вагонның үстінде жансыз жатқан адамның денесін көруге болады. Оқиға куәгерлері екі баланың вагон төбесіне шығып, селфи жасамақшы болғандығын айтады. Сол сәтте оларды тоқ соққан екен.
«Бұл дерек Тараз стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Факті Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-тармағы «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан, темiр жол көлiгi қозғалысы қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша тіркелді.Тергеу жүріп жатыр», – деді көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі.