$ 494.87  520.65  4.91

Қар жауып, боран соғады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алда ауа райы желді, боранды болады. Кезеңнің басында cолтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.

Сол себепті қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Бұдан кейін, суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтайды. Алайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады.

Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді деп көрсетіп отыр. 
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары