$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген жүкті әйел полициядан таксиге отырып қашпақ болған

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Павлодарда тәртіп сақшылары түн ішінде мас күйінде көлік жүргізген жүкті әйелді ұстады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соты қала тұрғынын 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  полиция қызметкерлері желтоқсан айында сағат 01:40-та Естай көшесінде 38 жастағы әйелдің басқаруымен «Хюндай» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

«Әйел адамның көлікпен жүріп келе жатқан қозғалысы күдік тудырған.  Әйел адамнан алкогольдің өткір иісі шығып тұрған соң    полиция оны медициналық куәландыруға алып келді.  Қала тұрғыны жүрегі ауырып тұрғанын айтып,  жедел жәрдем шақыруды сұраған. Шақыруға келген медицина қызметкерлері оны тексеріп шыққан соң жүрегі жақсы екенін айтып, ауруханаға жатқызудан бас тартты», - деп хабарлады жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов. 

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес облыс орталығының тұрғыны жеңіл дәрежеде мас  болған.

Қала тұрғыны таксиге отырып жасырынуға тырысқан, алайда полицияға ұсталып қалды. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Әйел адам жүктілік туралы анықтаманы ұсынғандықтан, әкімшілік қамауға алынған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары