$ 494.87  520.65  4.91

Пойыздың үстінде видео түсірмек болған 2 бала тоққа түсіп көз жұмды

Естеріңізде болса, бұған дейін Таразда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соққан еді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бұл жайында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өткен сенбіде және бүгін темір жолда екі бірдей қайғылы жағдай болды. Алдыңғы күні Тараз станциясында 15 жасар жасөспірім вагонда фотоға түсем деп жүргенде тоқ соғып қаза тапты. Дәл осындай оқиға бүгін Алматы станциясында да қайталанды. Екі бозбала вагонның үстіне шығып видео түсірмек болғанда тоққа түсті.  Арты өлімге әкеп соқтыратын мұндай ауыр жағдайлардан сақтану үшін ата-аналарға арнайы ескерту жасағым келеді», – деп жазды ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін Таразда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соққан еді.

«Аталған факті Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша тіркелген», – деді көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары