Желі қолданушылары енесінің аяғын жерге тигізбей арқалап келе жатқан келінге түрлі пікір жазған.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Facebook желісінде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда жас келін қартайған енесін арқасына мінгізіп, көтеріп келе жатыр. Әзірге бейнежазбадағы әже мен келіннің кім екені, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.
Ал желі қолданушылары "Осындай тәрбие берген анасына мың алғыс! Келін, бақытты бол!", "Тәрибелі келін екені көрініп тұр, апамызға Алла ұзақ ғұмыр берсін!", "Мынандайды бірінші рет көруім. Келінжан аман бол",- деп түрлі тілек жазды желі қолданушылары.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.