$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда екі автобус соқтығысты: 20 адам зардап шеккен

Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматының Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Апат куәгерлері мен №4 автобус жүргізушісінің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобус жылдамдықпен жүрген. Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болған, алайда сол жақтан көлік қозғалған. №203 бағдар жүргізушісі автокөлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрған, артынша №4 автобусты соқты.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі автобуста 20-ға жуық адам зардап шеккен.

№4 маршруттың жүргізушісі қақтығыс болған кезде өзінің №203 автобусқа қарай жүгіріп барғанын айтты. Ол жерде автобус есігі ашылмай қалған.

Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті.

Қазір оқиға орнында барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары