28.12.2021, 16:40

Алматыдан 456 км қашықтықта жер сілкінісі болды

Фото: inform.kz
Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 желтоқсан күні Алматы уақытымен 13 сағат 14 минут 30 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 456 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5, магнитудасы – 3,9. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.