$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде балалар төлқұжатының қолдану мерзімін қысқарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты балалар төлқұжатын 12 жасқа дейін емес, 5 жасқа дейін етіп беруді ұсынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде балалар төлқұжатын қолдану мерзімін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Смайлов әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, әрі балалардың сыртқы келбеті тез өзгеруіне байланысты төлқұжатты пайдалану мерзімін қысқарту дұрыс шешім болатынын атап өтті. 

"Яғни балалар төлқұжатын 12 жасқа дейін емес, 5 жасқа дейін етіп беріп, содан соң қайта ауыстырса.. 12 жастан 16 жасқа дейін беріледі. Одан әрі төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылығы әдеттегідей 10 жыл болып қала береді", - деді Смайлов.

Депутат мұның ата-аналарға тиімсіз екенін ескеріп, төлқұжат үшін төленетін баж салығын екі есеге дейін төмендетуді ұсынды.

"Кәмелетке толмаған балаларға берілетін төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (23 336 теңге) 4 АЕК-ке (11 668 теңге) дейін төмендету ұсынылады", - деді ол. 

Смайловтың айтуынша, қазақстандықтар жыл сайын 600-700 мың төлқұжат рәсімдейді екен. Оның 20%-ы балалар төлқұжаты. Соңғы 5 жылда елімізде 3 035 956 ересек азаматтарға арналған төлқұжат және 610 061 балалар төлқұжаты дайындалған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары