$ 444.22  476.38  4.82

«Отбасы банктің» статусы өзгереді

Банк даму институтына айналмақ.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

"Отбасы банк" АҚ ұлттық даму институтына айналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы 28 желтоқсанда, сейсенбіде ҚР Үкіметі отырысында "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасы Айдар Әріпханов мәлімдеді.

Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында "Отбасы банк" базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын мәлімдеді. 

"Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр", - деді Айдар Әріпханов.

Оның айтуынша, сондай-ақ "Отбасы банк" облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты 2022 жылдың 1 тоқсаны.

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 триллион теңгеге 73 мың жеңілдетілген несие беріліп, оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 миллиард теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілген.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары