29.12.2021, 05:10

Кабул әуежайы маңында қуатты жарылыс болды

Фото: ҚазАқпарат
Жарылыс астанадан тікелей Кабул халықаралық әуежайына апаратын тасжолда болған.

Сейсенбі күні Ауғанстан астанасында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жарылыс астанадан тікелей Кабул халықаралық әуежайына апаратын тасжолда болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, «Талибан» қозғалысына тиесілі көлік жарылған. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат хабарланбай отыр. Талибан өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.