$ 445.66  474.58  4.78

Елордадағы депутаттар қалашығында қасқыр қайдан жүр? (ВИДЕО)

Шақыртылған мекенжайға шұғыл жасақ жіберілді және факт расталды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

27 желтоқсан күні сағат 21:00-де «102» байланыс номеріне қала тұрғынынан Панфилов көшесінің бойында итті талап тастаған қасқырдың жүргені туралы ақпарат түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Шақыртылған мекенжайға шұғыл жасақ жіберілді және факт расталды.

«Полиция қызметкерлері «қасқырға» жақындағанда жыртқыш жануар агрессия көрсетіп шабуылдауға тырысқан. Сондықтан табельдік қару қолданылды. Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» қызметкерлері жануарларды қарап шығып, олардың қаңғыбас иттер екенін анықтады. Өлекселерді арнайы автокөлікпен алып кетті», – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Осыдан соң департаменттегілер тұрғындарға жабайы жануарлар мен қаңғыбас иттер табылған жағдайда, оларды ұстап алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Астана ветсервиске», әкімдікке немесе полицияға хабарлау керектігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары