$ 448.15  483.46  4.86

Бекболат Тілеухан депутаттық мандатынан айырылды

ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді.

ОСК Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді. Бұл туралы ОСК сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - делінген ОСК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары