Нұр-Сұлтанда оқу орындарының бірінде әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан босатылған мұғалім сот шешімімен бұрынғы қызметіне қайта алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық соты хабарлады.
Сотта анықталғандай, жұмыс беруші мұғалімге еңбек шартын бұзу туралы ескерту хатын жібермей, еңбек заңнамасын бұзған.
Азаматша М., директор өз балаларына және мектеп оқушыларына физикалық және психикалық қысым көрсететіні туралы сыбыс таратқан. Сол үшін мұғалім жауапқа тартылған. Бұл туралы директор мұғалімнің жұбайынан білген.
«Бұл ақпараттың шынайылығы анықталмады. Алматы аудандық сотының шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Педагог жұмысына қайтарылып, үш айлық жалақысы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді» деді сот.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.