$ 494.87  520.65  4.91

Бекболат Тілеухан Ердоғанның бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қазіргі уақытта ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше.
Фото: ащық дереккөз
Фото: ащық дереккөз

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі.

Аталған халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан. Біләл Ердоған басқаратын бұл ұйымға Қазақстан 2019 жылы алғашқы толыққанды мүшесі ретінде қабылданған. Қазіргі уақытта ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше.

Бекболат Қанайұлы өткен жылдан бері конфедерацияның Орталық Азия комитетіне жетекшілік етіп келеді.

Атап өтейік, 2022 жылы IV Көшпенділер ойындары Түркияның Бурса қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бүгін Қауымдастық президенті өз өтініші негізінде депутаттық өкілеттілігін тоқтатып, Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тапсырды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары