$ 443.85  474.3  4.8

«Жарылғыш зат қойылды»: «Астана Опера» ғимаратынан адамдар шұғыл эвакуацияланып жатыр (ВИДЕО)

Адамдарды эвакуациялау туралы ақпаратты «Астана Операның» баспасөз қызметі де растады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Спектакль басталуға жарты сағат қалғанда көрермендер, негізінен әйелдер мен балалар ғимараттан шұғыл түрде шығарылды.

Адамдарды эвакуациялау туралы ақпаратты «Астана Операның» баспасөз қызметінде растады, деп жазады Sputnik. Елордалық «Астана Опера» театрының ғимаратынан адамдарды эвакуациялау туралы ақпаратты куәгерлер хабарлаған.

Ақпаратқа сәйкес, 29 желтоқсан күні түскі сағат 12.00-де театрда «Щелкунчик» балаларға арналған балет қойылымы басталуы керек еді.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсан күні сағат 11.45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш зат бар деген күдік бары туралы хабарланған.

Барлық көрермендер мен театр қызметкерлері ғимараттан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары құрылғыны тексеріп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары