$ 494.87  520.65  4.91

Президент қандай сый жасағанды ұнатады

Ресми кездесулерден кейін сыйлық алмасу рәсімінде Тоқаев көбінесе галстук сыйлайды екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге ел басшыларына галстук сыйға тартқанды ұнатады, деп хабарлайды Zakon.kz. "Еуразия" бірінші арнасының "Айна" бағдарламасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзге мемлекет басшылары берген сыйлықтар мен өзі тарту ететін сыйлықтар жайлы айтылды.

Ресми кездесулерден кейін сыйлық алмасу рәсімінде Тоқаев көбінесе галстук сыйлайды екен.

Жалпы, Президент галстук сыйлағанды жақсы көреді. Келген қонақтарға, сұхбат алған журналистерге үнемі сый көрсетеді. Сондай-ақ, өзгелерге сағат сыйлағанды ұнатады, - деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

Мемлекет басшысы да сый-құрметсіз қалған емес. Мәселен, монғол елінің басшысы арнайы күртеше сыйға тартқан. Оның өлшемі XXL, ал бағасы 29 мың теңгеге жуықтайды. Ал Түрікменстан президенті асыл тұқымды жылқы шаруашылығы кешеніне барған президентке арғымақтың тізгінін ұстатты. Ол – жай жылқы емес, түрікмендер мақтаныш ететін асылтұқымды Ақалтеке жылқысы. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай. Міне, сол арғымақты түрікмен елінің басшысы Қазақстан Президентіне мінгізді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға іссапармен келгенде, қыран құстың мүсінін, өз елінде құрастыралатын шағын автобус (Volkswagen) тарту еткен. Қазір оны Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы келген қонақтарды күтіп алып, шығарып салуға пайдаланып жүр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары