29.12.2021, 14:20

Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Tengrinews.kz
36 жастағы жүргізуші Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолы бойымен келе жатып, рольді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Toyota Yaris көлігін тізгіндеген әйел Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында автобуспен соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты бүгін 09.42-де болғаны хабарланды.

"Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолы бойымен келе жатып, рольді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша ол Irisbus Crossway маркалы автобуспен соқтығысқан. Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді қалалық полиция қызметкері.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жүргізушілер жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.