$ 447.4  477.55  4.76

Антикор мемқызметшілерге мерекеде «сыйлық» алмау керектігін ескертті

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес 2 АЕК-тен асатын сомадағы сыйлық пара болып есептеледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілерге «сыйлық» алмау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті мемлекеттік қызметшілерге мерекелер қарсаңында мүліктік немесе мүліктік емес пайда алу мақсатында «сыйлықтар» алғандары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес 2 АЕК-тен асатын сомадағы сыйлық пара болып есептеледі және қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

Ал өзге жағдайларда (егер сыйлықтың құны төмен болса) Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 676 және 678-баптарына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға берілген заңсыз материалдық сыйақы әкімшілік жауапкершілікке себеп болады.

Сонымен қатар департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу үшін бірі біржолғы ақшалай сыйақы берілетіндігін атап өтеді.

«Пара немесе келген залал сомасы 1000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 АЕК; онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК», - деп атап өтеді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары