$ 443.85  474.3  4.8

Ішкі істер министрі қанша жалақы алады

Ішкі істер министрлігі 2021 жылы ведомство басшылығының жалақысы өспегенін атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен оның орынбасарларының жалақысы аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Министрдің еңбек өтілі мен атағын есепке алғанда, үстемеақысыны қосқанда жалақысы - 1,3 миллион теңге. Орынбасарларының да еңбекақысы еңбек өтілі мен шеніне байланысты бір миллион теңгеге жуық", - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер министрлігі 2021 жылы ведомство басшылығының жалақысы өспегенін атап өтті.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қанша жалақы алатынын айтқан болатын. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да жалақысын айтқан. 

Ал Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтудан бас тартқан еді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары