$ 447.4  477.55  4.76

Елімізде әскерилерге құрастырмалы үй берілмек

Министр орынбасарының айтуынша, модульдік тұрғын үйлер жылдам құрастырылады және оны қайта жинауға болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде әскери қызметшілерді модульді үйлермен қамтамыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында модульді тұрғын үй құрылысы ескерілген.

Министр орынбасарының айтуынша, модульдік тұрғын үйлер жылдам құрастырылады және оны қайта жинауға болады.

«Қазақстанның аумағы кең. Сондықтан шұғыл орын ауыстыру қажеттілігі бар. Әскерилер отбасымен бірге басқа аймаққа ауысқан жағдайда модульдік үйлердің арқасында жинақы түрде көшу мүмкіндігіне ие болады. Бұл баспана тез бұзылады, сосын жаңа жерде қайта құрастырылады. Оларда барлық қажетті коммуникация да бар. Бұл қызметтік баспана 2-3 бөлмеден тұрады», – деді Тұяқов журналистерге берген сұхбатында.

Заң жобасында қажеттіліктер аясында Қорғаныс министрлігі осындай модульді үйлерді әскерилер үшін сатып алуы мүмкіндігі ескерілген. Министрлік модульдік тұрғын үйлерді сатып алып, әскерилер арасында тартпақ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары