$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Бүгінде елордада «дельта» штаммы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штаммы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штаммы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

«Республика аумағында COVID-19 штаммы айналымына мониторинг жасау екі айда бір рет жүргізіліп отырады. Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штаммы айналымда жүр», – деді ол.

Сонымен қатар ол нақты деректерге де тоқталып өтті.

«Бүгінде елордада «дельта» штаммы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штаммы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр», – деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары