$ 447.4  477.55  4.76

Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Әнші енді үш қыздың анасы.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Жаңа жыл қарсаңында Айнұр қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Естіп жатқан боларсыздар! Одан да өзім айтайын, Құдайға шүкір, бүгін таңертең мынандай аруды дүниеге әкелдім. Бәрі жақсы. Қол-аяғымды жинап жатырмын.

Апам айтпақшы: "Адамнан адам шығу оңай емес". Кейін барлығын дұрыстап жазам ғой", – деп сүйінші хабарды жеткізді Айнұр перзентхана палатасынан суреттер жариялап. 

Айта кетейік, Айнұр Ілиясованың енді үш қызы бар. Актрисаның тұңғышы 5 жаста болса, екінші қызы 2-ден асты. 

Екі қыз тәрбиелеп отырған актриса бұл жүктілікті жоспарламағанын ашық айтқан еді. Тіпті сәбилі болатынын білген сәтте қуанбағанын, керісінше, уайымға салынғанын жасырмады.

"Шынымды айтайын, қуаныштан секірдім немесе бақыттан басым айналды дей алмаймын. Алғашқы реакциям: "Менің балаларым кішкентай ғой, о жоқ", – дедім. Қолымнан келе ме? Онсыз да күнде көзім дірілдейді. Әрқайсысына көңіл бөлу керек. Күйеуім, жұмысым, жеке жұмыстарым бар", – деп ағынан жарылды Ілиясова.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары