$ 449.58  486.94  4.86

Әлтаевтың «Ел тірегі» бастамшыл тобы неге тіркеуден өте алмай жүр?

Министр бастамашыл тобының ұйымдастырушысын жеке қабылдағанын да айтты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Әділет министрі Марат Бекетаев «Ел тірегі» бастамашыл тобының неге тіркеуден өте алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Неліктен? Себебі, оның негізгі ұйымдастырушысы – Нұржан Әлтаев. Ол түрлі алаңдар мен форумдарда өздерін тіркеуден негізсіз өткізілмей жатқанын бірнеше рет мәлімдеді. Мұнда екі мәселені атап өту керек. Құжаттар тіркеуге қайта-қайта ұсынылғанымен, іс жүзінде кемшіліктер түзетілмеген. Бір бума құжатты қайта-қайта әкеле береді. Кемшіліктерді түзетпестен 16 рет ұсынды. Осы жерде «Неге олай істеп жүр?» деген сұрақ туындайды. Мүмкін, бұл тіркеуден өте алмай жүрген саяси құрбанның бейнесін жасау әрекеті шығар? Құжаттарын өзгертпестен әкеле бергендіктен, біз оны тіркеуден бас тартатынымызды мәлімдеуге мәжбүрміз», – деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ, министр бастамашыл тобының ұйымдастырушысын жеке қабылдағанын да айтты.

«Нұржан Әлтаев жеке қабылдауға келгенде тағы сол шағымын айтты. Мен оған құжаттарын ретке келтіру керек екенін айтып, адамша кеңес бердім. Оның іс-әрекетіне баға берейін деп отырған жоқпын, кейбір фактілерді айтайын. Нұржан Әлтаев алимент бойынша бірнеше рет борышкер болған. Ол борышын тек сот орындаушы хабарлағанда ғана төледі. Соңғы рет жазда шамамен 2 млн теңге төледі. Алимент кешіктіріліп өтелгендіктен, әкімшілік айыппұл да төлеуге мәжбүр болды. Осымен тоқтайын», – деді министр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары