30.12.2021, 03:35

QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

Фото: ашық дереккөз
Сыйақы мөлшері 18 млн 600 мың теңге.

Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады.   

"2021 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына берілді. Сыйақы мөлшері 18 млн 600 мың теңге. Институт ұжымы ол ақшаны қайырымдылыққа бағыттау туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат Отар ауылындағы баспанаға мұқтаж тұрғындардың үй сатып алуына жұмсалды", - деп жазылған Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметте.

Ресми мәлімет бойынша, Қордай ауданының қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдары мен басшылығының қатысуымен көпбалалы отбасы мен мүгедектер отбасына үй кілттері бүгін табысталды.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.