$ 444.22  476.38  4.82

Аида Балаева экс-депутат Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Осы келеңсіз жағдайдан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде пікір білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжілістегі жиыннан кейін бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскина арасында кикілжің болып қалды, деп жазды turkystan.kz.

Біз бұған дейін экс-депутат журналисті итеріп, жеке затын сындырғаны жайлы жазғанбыз.

Осы келеңсіз жағдайдан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде пікір білдірді.

«Бүгін Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б.Тілеухан арасында орын алған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс», – деп жазды министр.

Оның айтуынша, мәселенің екінші жағы да бар:

«Ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану , бұл – ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын», – деді Аида Ғалымқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары